Buy global, pay local.

Amazon.com сайтынан сатып алынған тауар үшін Western Union жүйесінің көмегімен төлем жасаңыз

Amazon.com сайтындағы миллион тауардың кез келгені үшін жақын жердегі Western Union® бөлімшесінде теңгемен төлем жасаңыз.

Тауар сатып алу
buy global, pay local

Дүние жүзі бойынша сауда жасаңыз да,жергілікті валютамен төлеңіз.

Amazon.com сайтында тауар сатып алған кезде, Amazon PayCode таңдаңыз да, Western Union бөлімшесінде қолма-қол ақшамен төлем жасаңыз. Бұл оңай!

Тауар сатып алу

Зат сатып алу және оларға төлем жасау - оңай

Cart Icon
1.

Amazon.com сайтында миллиондаған тауарды сатып алыңыз

Payment Code Icon
2.

“Amazon PayCode” таңдаңыз

Dollar Bill Icon
3.

Western Union бөлімшесіне келіп, Amazon PayCode пен жеке куәлігіңізді көрсетіп, өз тауарларыңыз үшін төлем жасаңыз.

Box Icon
4.

Төлем жасалғаннан кейін, Amazon сіздің тапсырысыңызды тез арада жөнелтеді!

Сенімді.

Әлемдегі ірі ақша аудару жүйелерінің бірінің сенімділігінің арқасында Amazon.com сайтында сауда жасау үшін тамаша тәсіл. Клиенттеріміз бізге сенім білдіреді, өйткені біз жыл сайын миллиондаған ақша аударымдары мен төлемдерді өңдейміз. Енді сіз Amazon-да сауда жасаған кезде, бізге сенім білдіре аласыз.

Қолайлы.

Сіз Western Union бөлімшелерін жақын маңнан табасыз. Бөлімшені табу сервисін пайдаланып, өзіңізге жақын жердегі бөлімшені таңдаңыз, сосын Amazon.com. сайтында берген тапсырысыңыз үшін сол бөлімшеде төлем жасаңыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен Amazon PayCode алып келуді ұмытпаңыз.

Жасырын комиссиялар жоқ.

Кредит карталары бойынша комиссиялар мен жасырын басқа да банк комиссиялары жөнінде алаңдамаңыз. Western Union қызметтер үшін сізден қосымша төлем алмайды. Amazon PayCode көмегімен сіздің сатып алған тауарларыңыз үшін төлеу қажет нақты соманың теңгедегі мөлшерін біле аласыз.

Amazon.com. сайтында сатып алған тауарлар ақысын төлеу үшін жақын жердегі бөлімшені табыңыз.

Мен сауда жасаймын:

Жиі қойылатын сұрақтар

QR код, Amazon Paycode немесе Refund Code деген не?

Бұл код Amazon-да сатып алған тауарлардың ақысын төлеген кезде генерацияланады. Онда сіздің жасаған саудаңыздың деректері туралы ақпарат көрсетілген және Western Union бөлімшесінде төлем жасаған немесе тауарды қайтарған кезде қажет болады. Төлем жасаған кезде осы ақпарат өзіңізбен бірге болуын өтінеміз.

Мен өзімнің QR кодымды, Amazon PayCode немесе Refund Code қайдан таба аламын?

Сіз QR код, Amazon PayCode немесе Refund Code растау хатта немесе Amazon қосымшасында/сайтында табасыз.

QR код, Amazon PayCode немесе Refund Code қолданыс мерзімі қашан аяқталады?

Тапсырысыңызды растауды тексеруіңізді өтінеміз және онда сіз QR код, Amazon PayCode немесе Refund Code табасыз.

Amazon-да сатып алған тауарлар үшін Western Union бөлімшесінде төлем жасаған кезде, өзіммен бірге қандай құжаттар болуы тиіс?

  • Жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат;
  • Amazon-нан алған QR код, Amazon PayCode немесе Refund Code;
  • Тауардың ақысын төлеу үшін қолма-қол ақшамен нақты сома.

Мен өзіммен бірге жеке куәлігімді алып келмеген жағдайда не істеуге болады?

Біз жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатсыз, сізге тауардың ақысын төлеуге немесе қайтарым жасауға көмектесе алмаймыз.

Менің тапсырыста көрсетілген атым Western Union бөлімшесінде төлем жасаған кезде ұсынған жеке тұлғамды куәландыратын құжатта көрсетілген атпен толық сәйкес келмеген жағдайда, не істеуге болады?

  • Егер аты-жөні оқуға келетін болса және тапсырыста көрсетілген деректермен сәйкес келсе, қателіктерге жол беріледі.
  • Сіздің атыңыз бен тегіңіз ғана тексеріледі. Олардың сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Егер менің тапсырыста көрсетілген атым жеке тұлғамды куәландыратын құжаттағы атпен сәйкес келмейтін болса, не істеуге болады?

Тапсырыста көрсетілген деректерді жаңарту үшін Amazon-ға хабарласыңыз.

Егер менің Amazon-дағы тапсырысым үшін басқа тұлға төлем жасаса, не болады?

Тапсырыста көрсетілген есім Western Union бөлімшесінде тапсырыс үшін төлем жасайтын адамның жеке куәлігінде көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.

Төлем жасаудан бас тартылған жағдайда, не істеуге болады?

Егер біз сіздің төлеміңізді қабылдай алмасақ, сізге Amazon.com сайтына немесе қосымшасына кіріп, төлем жасаудың балама тәсілін таңдау қажет.

Егер Western Union бөлімшесінде тапсырыс ақысын төлеу үшін ақшам жеткіліксіз болса, не істеуге болады?

Біз төлемді толық емес көлемде қабылдай алмаймыз. Төлем жасау үшін тапсырыс сомасын толық төлеу мақсатында бөлімшеге қайта келіңіз.

Western Union бойынша төлем жасаған кезде Amazon-дағы тапсырыс үшін төлем қаншалықты ұзақ жүргізіледі?

Төлем жасау уақытында айырмашылық болуы мүмкін. Сіз Western Union бөлімшесінде төлем жасағаннан кейін Amazon-нан растау хат аласыз. Тапсырысыңыздың жай-күйін Amazon сайтында немесе қосымшасында тексеруіңізді өтінеміз.

Жергілікті салықтар мен алымдар қалай төленеді?

Жергілікті салықтар мен алымдарды Amazon анықтайды және тапсырыстың жалпы сомасына қосылады.

Жақын жердегі Western Union бөлімшесін қалай табуға болады және Amazon-дағы тапсырысым үшін қайда төлем жасауға болады?

Біздің бөлімшелерді іздеу жүйесіне кіріп, сізге жақын жердегі бөлімшені табу үшін «Amazon-дағы тапсырысты төлеу» әрекетін таңдаңыз.

Егер маған тауарды қайтару қажет болса, мен тауар ақысын төлеген Western Union бөлімшесіне қайта баруым қажет пе?

Сіз Amazon-дағы тапсырыстар үшін төлем қабылдайтын кез келген Western Union бөлімшесінде сізге берілген Amazon PayCode көмегімен ақшаңызды қайтара аласыз. Біздің бөлімшелерді іздеу жүйесіне кіріп, сізге жақын жердегі бөлімшені табу үшін «Amazon-дағы тапсырысты төлеу» әрекетін таңдаңыз.

Егер мен кредит немесе дебет картасы арқылы тапсырыс ақысын төлесем, Western Union бөлімшесінде ақшамды қайтара аламын ба?

Сіз тапсырыс ақысын Western Union бөлімшесінде төлеген жағдайда ғана Western Union бөлімшесінде ақшаңызды қайтара аласыз. Егер сізге тауар үшін төленген ақшаны қайтару қажет болса, Amazon-мен хабарласуды өтінеміз.

Amazon-да сатып алған тауарлар ақысын Western Union бөлімшесінде төлеген кезде, мен My WU® ұпайларын аламын ба?

Amazon-да сатып алған тауарлар үшін төлем жасаған кезде, сіз My WU® ұпайларын алмайсыз.

Егер мен Western Union бөлімшесінде төлем жасағаннан кейін өз тапсырысымнан бас тартқым келсе, не істеуге болады?

Amazon сайтына немесе қосымшасына кіріп, нұсқаулықты орындауды өтінеміз. Refund Code алғаннан соң, ақшаны қайтару үшін Western Union бөлімшесіне келіңіз.

Тапсырысты маған жібермей тұрып, одан қалай бас тартуға болады?

Amazon сайтына немесе қосымшасына кіріп, тапсырыстан бас тарту нұсқаулығын орындауыңызды өтінеміз.

Amazon-да берілген тапсырыс бойынша сұрақтар туындаса, не істеу қажет?

Ақпаратты Amazon сайтында немесе қосымшасында тексеруіңізді өтінеміз.