Маркетинг функциясы
Өнімділік функциясы
Транзакция функциясы
Олар жәбірленушілермен байланысу үшін кез келген құралдарды пайдаланады, оның ішінде, телефон, көше поштасы, электрондық пошта және Интернет. Олар сеніміңізге кіріп, ілінген кезде ақша сұрайды, одан кейін ақшаны алып қашады. Олардың сізді алдауға пайдаланатын сценарийлері тұрақты. Дегенмен, өзіңізді, достарыңызды және отбасыңызды алаяқтықтың ең жалпы түрлері туралы хабардар болумен қорғаңыз.
Аванс/алдын ала төлем:өнім немесе қызмет ақысын төлеу үшін ақша жіберу сұралады.
Жасырын сатып алушы:ақша тасымалдау қызметі көмегімен ақша жіберу және қызметті бағалау мақсатында жұмысқа қабылдау мүмкіндігі беріледі.
Артық төлем:келісілген бағадан жоғары сома чегін аласыз және ақша тасымалдау көмегімен артық қаражатты кері жіберу сұралады, бірақ чек жалған болып табылады.
Жұмысқа қабылдау:сіз қабылдаған жұмыс мүмкіндігіне ақша жіберу сұралады.
Лотерея/сыйлық:лотерея/тотализатор жеңгеніңіз және сыйлықты алу үшін ақша жіберу керектігі туралы хабарландыру аласыз.
Жалға берілетін меншік:сіз жалға берілетін меншік іздегеніңізде заңды себептермен ақша жіберу сұралады, бірақ ұсынылған меншік жалған болып табылады.
Төтенше жағдайлар/ата-аналар:төтенше жағдайда досыңызға немесе отбасы мүшеңізге ақша жіберу сұралады.
Іштей сатып алу:онлайн жарнамаланған өнімге, аукцион затына немесе қызметке төлеу үшін ақша жіберу сұралады.
Қарым-қатынас:әлдекіммен онлайн кездесіп, онымен қарым-қатынас құрып, оларға ақша жіберу сұралады.
Жалған чек:сіз чек алып, заңды себепке байланысты ақшаның белгілі бір бөлігін жіберу сұралады, бірақ чек жалғап болып табылады.
Айлакерлер жалған несие беруші компаниялардың өкілдеріне айналып, сенімді күйге ұқсас құжаттарды, электрондық пошталарды және заңды болып көрінетін веб-сайттарды пайдаланады. Олар несие бермей тұрып «ақша» алады. Тұтынушылар төлейді, бірақ несие ешқашан берілмейді. Айлакерлер іздерін суытып, заңды қорғау қызметкерлерінен ұстатпас үшін «бизнестерінің» атауларын жиі өзгертіп отырады.
Бұл - «аванс» немесе «алдын ала төлем» деп аталатын алаяқтықтың бір түрі. Сонымен қатар, айлакерлер жәбірленушілерге инвестицияны немесе сыйлықты ақысына береміз деп алдауы мүмкін. Дегенмен, ол бірдей тақырыппен келеді: Жәбірленушілер үлкен нәрсе аламыз деп ақша төлеп, соңында аз ғана ақша немесе тіпті ештеңе алмайды.
Сонымен, «Жалған чек айласы» бөлімін қараңыз.
Жасырын сатып алушы жұмыс беру веб-сайттарында танымал айла болып табылады. Айласы қарапайым: айлакерлер жәбірленушілерге чек жіберіп, Western Union ақша тасымалдау қызметін «бағалау» үшін қаражат пайдалану керектігін айтады. Жәбірленушілер чек бонусын алу үшін ғана ақша төлейді және олар банкке кері қайтаруға жауапты болады.
Сонымен, «Жалған чек айласы және жұмысқа қабылдау айласы» бөлімін қараңыз.
Айлакерлер артық төлем айласы арқылы сатып алушы рөлін атқарып, қызмет немесе өнім сатушы тұтынушылармен жұмыс істейді. «Сатып алушы» сатушыға келісілген бағадан жоғары сомадағы, заңды күйге ұқсайтын, белгілі банкке салынған чекті жібереді. Олар осы артық төлемді түсіндіру үшін хабарласып, сатушыдан чекті өткізіп, артық қаражатты қайтару нұсқауын береді. Бірнеше аптадан кейін жәбірленуші чектің жалған екендігін біледі, бірақ банкке барып ақшаны кері қайтару мүмкіндігі болмайды.
Сонымен, «Сатып алу айласы және жалған чек айласы» бөлімін қараңыз.
Әдетте, жұмысқа қабылдау айласы тым жақсы әрі шынайы ұсыныспен басталып (яғни үйден жұмыс істеп, айына мыңдаған доллар табу, ешбір тәжірибенің қажеті жоқ), соңында ешбір тұтынушысыз және ақшасыз аяқталады. Негізінде, олар осы үш үлгінің біреуін ұстанады:
1. Айлакерлер жаңа «жұмыс берушіге» айналып, жәбірленушілерге жабдықтар сияқты бастапқы шығындарды жабатын чекті жібереді. Жәбірленушілер чектен ақшаны алып, қажетті жабдықтарды сатып алып, қалған қаражатты айлакерге жібереді. Бірнеше аптадан кейін чектердің жалған екендігін және толық сомаға алданғанын түсінеді.
2. Айлакерлер жәбірленушілерден несие чектері, өтініш немесе жұмысқа қабылдау ақылары сияқты алдын ала төлемді төлеу шартына негізделген, кепілдендірілген жұмысқа қабылдау ұсыныстарын беретін «агентке» немесе «жұмыс берушіге» айналады. Жәбірленушілер төлейді, бірақ жұмыс ұсыныстары ешқашан жүзеге аспайды.
3. Айлакерлер «компания» өкілдеріне айналып, несие немесе анкеталық тексерістер жүргізіп жүргендей болып құпия, жеке және қаржылық ақпаратты қолға түсіреді. Одан кейін олар жәбірленушілердің жеке басын анықтайтын ақпаратты ұрлайды.
Сонымен, «Жасырын сатып алу айласы және жалған чек айласы» бөлімін қараңыз.
Лотерея немесе сыйлық айласы екі ұқсас үлгімен қолданылады:
1. Жәбірленуші мемлекеттік агенттікке немесе белгілі ұйымға не тұлғаға жұмыс істейтін белгілі бір тұлғадан үлкен ақша немесе сыйлық ұтып алғаны туралы телефон қоңырауын, электрондық хабарды, хатты немесе факсты алады. Айлакер сенімге кіріп, ұтыстарды жинау мақсатында өңдеу немесе салық ақыларын төлеу аз ғана ақша сомасын жіберу керектігін сұрайды. Жәбірленушілер осы нұсқауларға сәйкес бірден ақша жібереді, бірақ «ұтысты» ешқашан алмайды.Әрі «өңдеу және салық ақыларынан» айырылады.»
2. Жәбірленушілер сұралмаған чекті немесе ақша тапсырысын алып, оларды өңдеу немесе салық ақылары ретінде ақша салу нұсқауларын алып, сол ақшаның белгілі бір бөлігін кері қайтарады. Жәбірленушілер бірнеше аптадан кейін чектердің жалған екендігін түсінеді, бірақ «салықты» жабу үшін ақша жіберіп қойған және олар кері қайтарылмайды. Әрі банк алдында алған ақшасын қайтаруға міндетті болып қалады.
Сонымен, «Аванс/алдын ала төлем айласы және жалған чек айласы» бөлімін қараңыз.
Күрделі айлакерлер ештеңе білмейтін жылжымайтын мүлік жәбірленушілерін аңду үшін Интернетті және тегін веб-сайттарды пайдаланады. Жалға берілетін меншік айлалары екі жолдың бірімен орын алады:
1. Жалға алушылар жалға берілетін үйді немесе пәтерді іздеп, оның «иесіне» алданып қалады.Жәбірленушілер жақсы жерден тиімді бағамен орын іздейді. Жарнама заңды болып көрінгендіктен, «иесіне» электрондық пошта арқылы хабарласуды бастайды. Иесі өтініш ақысын, қауіпсіздік депозитін, т.б. салған жағдайда орын соларға берілетінін айтады. Олар ақшаны салып, соңында «иесі» туралы ештеңе естімейді.
2. Иелер үйді немесе пәтерді жалға беріп, «жалға алушыдан» алданып қалады.«Жалға алушылар» үйді немесе пәтерді жалға алу мақсатында жәбірленушілерге хабарласады. Айлакерлер депозит чегін жібереді, бірақ істен бас тартады. Жәбірленушілер чек жалған екендігі анықталған жағдайда ғана ақшаны қайтарады.
Сонымен, «Сатып алу айласы және жалған чек айласы» бөлімін қараңыз.
Төтенше жағдай айласы адамдардың өзгелерге қатысты эмоциясы мен қатты көмектесуге құштарлығына ойнайды. Айлакерлер жәбірленушілерге айналып, «Мені соттады», «Мені тонап кетті», «Мен ауруханадамын» сияқты төтенше жағдай жасап, достары мен отбасына көмек ретінде ақша жіберуін сұрайды.
Сонымен қатар, төтенше жағдай айласы әр түрлі бола береді. Ата-ана айласында айлакер егде жастағы адамға немересі ретінде хабарласып, шұғыл ақша жіберуін сұрайды. Әлеуметтік желі айласында айлакерлер әлеуметтік желі профильдерін бұзып, достарына ақша, шағым, тыйым салу, т.б. сияқты ессіз сұраулар жасайды; олар электрондық пошта профильдерін бұзумен дәл сондай әрекетті жасайды. Олар заңды сұраулар жасау үшін, жеткілікті жеке мәлімет беру мақсатында осы профильдердегі ақпаратты пайдаланады.
Интернеттен сатып алу айласында қылмыскерлер онлайн аукцион веб-сайты немесе қызметі арқылы заттар алатын жәбірленушілерді іздейді. Негізінде, екі жолдың бірімен әрекет етеді:
1. Жәбірленушілер жалған немесе орнатылған тапсырысты жеңіп алып, сатушыға төлемді тек ақшаны тасымалдаумен қабылдайтынын айтады. Сатушы сатып алушыға транзакцияны жалған атпен немесе сүйікті атпен салуын сұрайды. Айлакерлер жәбірленушілерге тауарларды немесе қызметтерді алғанша қорғайтынын мәлімдейді. Одан кейін сатушы жалған атпен жалған ИД жасап, қаражатты қайтарады. Тауар ешқашан келмейді.
2. Басқа нұсқа - бастапқы аукцион заңды, бірақ жәбірленуші тапсырысты жеңіп алмайтын жағдай. Олар кейінірек сол затты ұқсас шарттармен сатуды ұсынатын басқа тарап атынан хабарласып, ақшалай төлем жіберуін сұрайды. Ақша жіберіледі, бірақ тауарлар ешқашан алынбайды.
Сонымен, «Артық төлем, жалға берілетін меншік және жалған чек айласы» бөлімін қараңыз.
Қарым-қатынас айласы қарапайым жолмен басталады: еркек пен әйел Интернетте танысады. Қарым-қатынас дами түседі: олар электрондық поштамен, телефонмен сөйлеседі және суреттер сатады. Ақырында, кездесуді және тіпті, үйленуді де жоспарлайды. Қарым-қатынас күшейген сайын барлығы өзгере бастайды. Еркек әйелден банктік аударым жасауын сұрайды; оған ауырып жатқан ағасын көріп келуге автобус ақысы қажет. Бірінші банктік аударым азғантай болады, бірақ сұраулар уақыт өте келе арта береді, мысалы, оның қызына шұғыл ота жасау керек, оны көріп келу үшін ұшақ ақысы қажет, т.б. Қайтарып беру уәдесі орындалмайды, ақша да, оның өзі де жоқ болады.
Жалған чектер көптеген айлалардың негізгі рөлін атқарады: аванс немесе алдын ала төлем айласы; жасырын сатып алу айласы; лотерея немесе сыйлық айласы және т.б. Жәбірленушілер сұралмаған чекті немесе ақша тапсырысын алып, оларды өңдеу немесе салық ақылары сияқты шығындарды өтеу үшін ақша салу нұсқауларын алып, сол ақшаның белгілі бір бөлігін кері қайтарады. Жәбірленушілер бірнеше аптадан кейін чектердің жалған екендігін түсінеді, бірақ ақша жіберіп қойған және олар кері қайтарылмайды. Әрі банк алдында алған ақшасын қайтаруға міндетті болып қалады.
Сонымен қатар, «Аванс/алдын ала төлем айласы, жасырын сатып алу айласы, жұмысқа қабылдау айласы, артық төлем айласы, Интернеттен сатып алу айласы, лотерея/сыйлық айласы және жалға берілетін меншік айласы» бөлімін қараңыз.
Loading...